«Адалдық сағаты»

2019 жылдың 15 қазанында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің акт залында, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының тапсырмасына сәйкес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжде, жалпы республикалық «Адалдық сағаты» аясында студенттермен дөңгелек үстел өтті.

«Рухани құндылық адам жанының алтын арқауы»

« Рухани құндылық адам жанының алтын арқауы»
Рухани жаңғыру –бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана-тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады. Сондықтан да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жастарға арналады.

«Үздік шебер-2019»

2019 жылдың 30 қыркүйегінде Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығымен» ұйымдастыруымен «Жамбыл инновациялық колледжінің» базасында «Үздік шебер-2019» атты өндірістік оқыту шеберлерінің арасында облыстық байқау өткізілді.

Жалпы ата-аналар жиналысы

2019жылдың 27 қыркүйегінде Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің акт залында колледждің жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

«Тәні саудың-жаны сау»

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың-жаны сау» немесе «Бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған.