Кездесу барысында Досмаханбет Қасымұлы колледждің белсенді жастары жататын жатақхана, пән бойынша өтілетін зертханалық кабинеттер мен ұйымдастырылған көрмелермен танысып өтті. Жастар ресурстық орталығы» КММ нің директоры Н. Манатбеков ауданымыздың төрт оқу орнынан яғни, Қаратау құрылыс –техникалық колледжі, Қаратау білім, бизнес және технология колледжі, Қаратау тау-кен колледжі және Қаратау № 2 колледжінен белсенді жастарымыздың қатысып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Талас жастарының осы жылы жеткен белестері мен атқарған жұмыстары туралы баяндап өтсе, колледж директоры Д. Маселбеков колледж қабырғасында оқып жүрген қыздарымыз Ескермесова Феруза, Берденова Сабина, Арынбай Алтынай сияқты спорттың «Көгалдағы хоккей» түрінен ҚР спорт шеберлері мен ұлттық «Worldskills» чемпионатында жүлделі екінші орын алған Маханбетов Талғат сынды жастарымыздың жеткен жетістіктері жөнінде таныстырып өтті. Кездесуде Аудан әкімі жастарға кездесу еркін форматта өтетіндігін, ешқандай қымсылып –қымтырылмай және өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын еш бүкпесіз қоюларын сұранды. Кездесу барысында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің білімгерлері белсенділік танытып, - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп атады, келесі жылды «Волонтерлар жылы» деп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап кетті. Волонтерлармен бірлесіп қандай жұмыс жүргізу ойыңызда бар-?, -Ауданымызда төрт арнайы оқу орны бар. Сол оқу орнында ақылы бөлімде оқитын білімгерлер де жетерлік. Колледж белсенділері, оқу жағынан үздік студенттер немесе тұрмыстық жағдайы төмен білімгерлерге аудан әкімінің грантын қарастыру ойыңызда бар ма-?, -Сізге студенттер атынан ұсыныс болып тұр, қала жастарына арналған саябаққа тегін wi-fi орнатып берсеңіз -?, - Біз ерікті жастар оқу жылының соңында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша бір ай жұмыс жасаймыз. Ендігі біздің ұсынысымыз «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа қабылданатын студенттер санын көбейтсеңіздер. Себебі, көп еріктілер «Жасыл ел» бағдарламасынан тыс қалып қойып жатыр-, - Колледж білімгерлері 3 жылдан бері облыстық, өңіраралық, ұлттық Worldskills чемпионатына қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Осы жылдың қараша айында колледждің атынан екі білімгеріміз Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ұлттық чемпионатқа қатысқалы отыр. Соған сіздің тарапыңыздан демеушілік болса-? т.с.с. сұрақтар қойылды. Аудан әкімі қойылған сұрақтардың бәрі назардан тыс қалмайтынын, жастардың ұсыныстарын жан-жақты қарап орындауға уәде етті. Жиын соңында колледждің 2 курс білімгері Айдарбекова Макпал Ұлы Абайдың 175 жыл толуына орай жастарға «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңін тарту етсе, 4 курс білімгері Қаржаубайұлы Есенбек М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін арнады. Кездесу соңы белсенді жастарымыздың аудан басшысымен естелікке суретке түсумен ұласты.