«Қызым үйде, қылығы түзде» тақырыбында кәмелетке толмаған білімгер –қыздармен кездесу

2020 жылдың 10 қаңтарында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің «Рухани жаңғыру» кабинетінде Талас аудандық орталық ауруханасының акушер-генекологы Қ.Ділдәбектің, әйелдер кеңесі бөлімінің психологы Б.Сейдрашованың қатысуымен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қызым үйде, қылығы түзде» тақырыбында кәмелетке толмаған білімгер –қыздармен кездесу өтті.

Темекі өнімі ретінде ұсынылатын снюстерді тұтынудың адам ағзасына салдарлары

2020 жылдың 8 қаңтарында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің акт залында Талас аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас мамандары Ж.Омарбекова мен Ж.Қалаубекованың қатысуымен әлеуметтік желіні пайдалану арқылы өткізілетін темекі өнімі ретінде ұсынылатын снюстерді тұтынудың адам ағзасына салдарлары студенттерге түсіндірілді.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні » мерекесіне орай волейбодан жарыс

2019 жылдың 23 желтоқсанда Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің спорт залында , колледж әкімшілігінің және колледж инспекторы полиция капитаны Ж.Көпжасаровтың мұрындық болуымен жастар жылы аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні » мерекесіне орай жастарға патриоттық тәрбие беру, Ішкі істер органы қызметкерлеріне жасөспірімдердің сенімін арттыру және кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері, колледж оқытушылары студенттерден қалыптастырылған командалар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!

Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосыла алдық. 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, қиын өткелектерден аман өтіп келеміз.