17 ноября 2019
866

«Үздік шебер-2019»


Байқаудың басты мақсаты колледждердің өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілігі мен білімділігінің деңгейін, педагогикалық дайындығы мен оқытудың қазіргі заманғы жаңаша әдістерін тәжірибесінде пайдалану деңгейін анықтау болып табылды. Облыстың 16 өндірістік оқыту шеберлері әр қайсысы өз бағыттары бойынша кәсіби шеберлігін, біліктіліктерінің жетілдіру дәрежесін көрсетті.
Қаратау құрылыс құрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Ж.М. Маселбек «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің заманауи әдістерді сабақта қолдану деңгейін көрсете отырып, әдістемелік біліктілігін шыңдау арқылы жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру бағыттарында жұмыс жүргізді. Барлық байқау кезеңінде Жеңісбек Манатбекұлы өзінің шеберлігін көрсетті, нәтижесінде облыстық «Үздік шебер-2019» байқаудың номинациясына ие болды.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location