17 ноября 2019
596

«Адалдық сағаты»

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Ибраимов іс-шараны Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізу міндеттілігі жөніндегі ұстанымен тағы бір қайталап, «Жемқорлық» ұғымына түсініктеме берді. Сондай-ақ «Тransparency international» халықаралық ұйымының жемқорлыққа қарсы рейтингісі бойынша Қазақстан 180 мемлекеттің арасында ықтималды 100 балдың 31 –ін иеленіп 124 орынға жайғасуы мәселенің мемлекет деңгейінде бүгінгі таңда өткір, әрі өзекті проблема болып отырғандығының айғағы деп пайымдады.
Іс-шараға қатысқан Талас жастар орталығының бас инспекторы С.Пірменов осы бағытта қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихына көз жүгіртіп, ұлтымыздың дара тұлғаларының көзқарасынан сыр шертіп, болашақпен байланыстырды. Әрі жас ұрапақ үшін болашақтың баянды болуы олардың бойында жемқорлыққа төзімсіздік имунитетін қалыптастыруға тікелей тәуелді екендігіне назар аударды
Іс –шараның қорытынды бөлігінде студенттер жемқорлықты жою туралы өздерінің жеке ұсыныстарын орта талқысына салып және оларға дәйектеме келтірді.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location