2018 жылдың 16 қаңтарында Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінде 2018 жылғы 10 қаңтар күні шыққан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру жұмыстары атқарылды.
Жиналысқа колледж оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Қоғамдық пәндер оқытушылары Р. Қожабергенова және С. Аптауова ұжымды жолдаудың негізгі мазмұнымен таныстырды. Оқытушылар сұрақтар қойып, түсінбеген жайттарға толық жауап алды. Сұрақтар негізінен білім беру саласына қатысты қойылды.