21 Қазан 2019
1742

Материалдық-техникалық базасы

         

               Колледж базасында 2 оқу ғимараты, 2 шеберхана ғимараты, 2 жабық спорт кешені, 1 ашық спорт алаңы, 70 орынға  арналған асхана, 35 орынға арналған жатақхана бар. 

             Бас оқу ғимараты. Мекен-жайы - Т. Рысқұлов көшесі 1үй.  Кірпіштен салынған. Ғимарат түрі - ыңғайландырылған. Салыну жылы-1975 жыл. Жобалық қуаты 450 адам. Оқу ғимараты ағымдық жөндеу жұмысын қажет етеді. Ғимараттың ішінде-17, сыртқы ауласына-13, барлығы -30 бейнебақылау камералары орнатылған. Жинақталған ақпараттардың сақталу мерзімі-1 ай. Басқару орталығы  арнайы кабинетте орналасқан. Оқу орнындағы өрт қауіпсіздігі және басқа да табиғи төтенше жағдайлар кезінде студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған «дабыл нүктесі»  Талас аудандық ішкі істер бөлімінің өрт жүйесіне тіркелген.

             №2 өндірістік оқыту корпусы. Мекен-жайы – Төле би көшесі 49 үй.   Кірпіштен салынған. Ғимарат түрі-типтік. Салыну жылы-1977 жыл. Жобалық қуаты 500 адам. Ғимараттың ішінде -13, сыртқы ауласына-9, барлығы 22 бейнебақылау камералары орнатылған. Жинақталған ақпараттардың сақталу мерзімі-1 ай. Басқару орталығы  арнайы кабинетте орналасқан. Ғимарат күрделі жөндеу жұмысын қажет етеді.

             Қазіргі таңда, колледжде  46 жалпы білім беретін және арнайы пән оқу кабинеттері, 10 зертхана, 13 шеберхана,  сонымен қатар құрылыс мамандықтарына арналған «Ресурстық орталық»  жұмыс жасайды. Шеберханалардың материальдық-техникалық базасы  талапқа сай жасақталған. 600-ге тарта  қондырғы, құрал-жабдықтар, приборлар мен станоктардың ішінде 65% заманауи болып саналады, яғни  8 шеберхана, 7 зертхана заманауи қондырғылармен жабдықталған.

                                       

Материалдық-техникалық базасы