23 Қазан 2019
1887

Колледж жетістіктері

 

  • 2009, 2011, 2013 жылдары колледж облыс колледждері арасында "Техникалық және кәсіптік білім беру үздігі" номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2010 жылы қазан айында Астана қаласы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 70 жылдық мерейтойына орай «Біз Қазақстанды бірге құрамыз!» атты Республикалық байқауының Қазақстанда кәсіптік - техникалық білімнің 70 жылдығына арналған «Тәжірибеге арналған кәсіптік білім» номинациясы бойынша Жамбыл облысы Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды.
  • 2011 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына байланысты білім саласындағы озық инновациялық тәжірибені қолдау және насихаттау мақсатында    осы    жылдың  11  желтоқсанында   Астанада      III республикалық «Білім ұясы» байқауының  «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымы ерен еңбектері үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың алғыс хатын иеленді.
   
  • 2011 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында «Білім ұясы» ІІІ Республикалық конкурсында Қаратау құрылыс - техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымы» номинациясы бойынша «Білікті мамандарды даярлау ісіне ең үздік үлес» номинациясы дипломымен марапатталды.
  •  2013 жылдың қараша айында техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы аясында колледж «Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша Дүниежүзілік банк грантының иегері атанды. Құрылыс саласы мамандығы бойынша материалдық-техникалық база жаңартылды, арнайы құрылыс пәндерінің оқытушылары Германия, Франция, Белоруссия (Минск) және Ресей Федерациясында (Мәскеу, Санкт-Петербург) біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
 
  • 2015 жылдың наурыз айында колледж Женева қаласында өткен халықаралық конференцияда «Алтын Үкі - үздік білім беру ұйымы» халықаралық сыйлығымен марапатталды.
  • 2015 жылдың маусым айында Швейцарияның Женева қаласында «Жоғары және орта арнайы білім беру саласындағы ерекше жетістіктер» номинациясы бойынша XIV швейцариялық конкурстың лауреаты атанды.
  • 2016 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасындағы «Бизнестің ұлттық рейтингі» ұйымдастыру комитетінің және «Сауда–өнеркәсіптік рейтинг» ЖШС шешімімен «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы үздік жетістіктері мен дамуына қосқан үлесі үшін» Қаратау құрылыс – техникалық колледжі жыл қорытындысы бойынша «Білім беру саласының көшбасшысы – 2015» ұлттық сертификатымен марапатталды.
 
  •  2017 жылдың қаңтар айында «САПА ЖҰЛДЫЗЫ» тәуелсіз сараптама орталығының тауарлар мен қызметтер сапасының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша колледж «үздік кәсіпорын» номинациясымен марапатталды.
   
  • Облыстық «Үздік педагог – 2013» байқауының қорытындысы бойынша А. Сыдыманова «Байқау жеңісі» медалімен және Жамбыл облысы әкімінің А. Бозымбаевтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
 
  • 2014 жылы техникалық және кәсіптік білім беру әдіскерлері арасында «Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Шапазилова Ақбопе Габитовна 1 дәрежелі диплом иегері атанды
 
   
  • 2014 жылы колледж оқытушысы Естекова Лаззат техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушылары арасында Республикалық «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.
  • 2015 жылдың қазан айында колледж оқытушысы А. Шуленбаева техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушылары арасында «Үздік педагог-2015» республикалық байқауының жеңімпазы атанды
  • 2016 жылдың қазан айында колледж оқытушысы Асанова Нұрхат республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанды.
  • Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік-консалтинг колледж «Қазақстанның үздік политехникалық колледждерінің ұлттық рейтингі-2017» байқауында колледждердің «Ұлттық рейтингі – 2017» бойынша 8 орын алды.
  • «Сапа жұлдызы», «Үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша тәуелсіз сараптама орталығының тауарлар мен қызметтер сапасының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша.
  • Колледж студенттері командасы 2017 және 2018 жылдары өткен ХХХ, ХХІ облыстық «Сап және ән» байқауында ГРАН-при жеңіп алды.
  • 2017, 2018 жылдары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы облыстық спартакиадада үшінші орын алды.
  • «WorldSkills Kazakhstan – 2018» өңіраралық чемпионатында жұмысшы құзыреттілгі бойынша колледж студенттері облыс командасы құрамында екі 1-ші орын, біреуі 3-ші орын алып, облыс бойынша үздік нәтиже көрсетті.
  • «WorldSkills Kazakhstan – 2018» республикалық чемпионатында «Кузовты жөндеу» құзыреттілігі бойынша студент Махамбетов Талғат 2-орынды иеленді.

  • 2019 жылы мамыр айында колледж оқытушысы Марғұлан Оразтайұлы Қырғызбаев Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы  өткізген "Жас маман-2019" облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

«WorldSkills Kasakhstan –2019» Ұлттық чемпионатында «Ағаш ұстасы»  құзіреттілігі бойынша Нұрсұлтанұлы Жансұлтан  ІІІ орынды иеленді

 

 

 Мәселбек Жеңісбек Манатбекұлы – техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі өндірістік оқыту  шеберлері арасында облыстық «Үздік шебер- 2019» байқауының номинациясына ие болды.

2020 жылы “Тәуелсіздік күніне” орай Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастырған “Тәуелсіз елдің ұланымын” атты облыстық видеоролик байқауында колледж студенті Томан Ақнұр бас жүлдеге ие болды.

Уртаева Жумагул Жолдасбековна – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы шығармашылық шеберлігі мен кәсіби жетістіктері үшін облыстық «Үздік педагог-2020»  байқауында ІІ орынды иленді

Шонов Абзал Шайбекович – «Өз ісінің шебері» атты өндірістік оқыту шеберлері арасындағы 2020 жылы өткен облыстық байқауда кәсіби шеберлер байқауының жеңімпазы атанды

2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы өткізген "Табысты менеджмент - 2021" облыстық байқауда 1 орынды иеленді.

  2021 жылы мамыр айында арнайы пән оқытушысы Салыбекова Жанат Жолдасбекқызы облыстық "Үздік педагог - 2021" байқауында бас жүлдесін жеңіп алды.
2021 жылы желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздіінің 30 жылдығына арналған "Мен кәсіпкермін" Республикалық Гранд турнирінде 1 орын алған Абдулла Жанбота, Нұрланқызы Ақерке "Қазақтың ұлттық тағамдары көшпелі дәмханасы" тақырыбы жобасы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.