01 Қыркүйек 2022
1488

Колледж миссиясы

Колледж миссиясы

 

Әлемдік деңгейдегі білім мен дағдыларды қалыптастыру жолымен экономикалық және әлеуметтік мәселелер кешенін шешу үшін техникалық және  кәсіптік білім беру саласындағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру.

     Колледждің стратегиялық мақсаты білім беруді жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, ғылыми, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту, мамандарды даярлауда білім сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға көшуді жүзеге асыру болып табылады. Колледж оқытушыларын кәсіби әдістемелік шеберлікті жетілдіруде, біліктілігін арттыруда, ғылыми - зерттеу дағдыларын жақсартуда, озық тәжірибе мен әдістемені кеңінен қолдануда ықпал ету.

         Колледж ұжымының басты міндеті оқу-тәрбие процесін үнемі жетілдіру есебінен жүзеге асырылатын миссияны тиімді іске асыру, оқытуда инновациялық тәсілдерді кеңінен қолдану, оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, әрі қарай - еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті кадрларды даярлау сапасының ішкі жүйесінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

    Колледж әкімшілігі " ҚР Білім туралы Заңы "(27.07.2007 ж.), ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Жолдауы негізінде "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері "(10.01.2018 ж)," Рухани жаңғыру "(12.04.2017 ж)," Мемлекет басшысының Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасы "100 нақты қадам", білім беруді жаңғырту мақсатында ҚР БҒМ нормативтік құжаттары, мемлекеттік саясаттың негізгі саяси бағыттарын іске асыруда:

1. ҚР «Білім туралы Заңына» сәйкес оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру үдерісінде кәсіби білім беру мазмұны мен технологияны жақсарту;

2. ҚР БҒМ 22.01.2016 ж. № 72,31.10.2017 ж.№ 553 бұйрықтарымен  мемлекеттік жалпы білім беру стандартына негізіндебекітілген типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын орындау, білім сапасын арттыру;

3. білім беруді жаңғыртуға сәйкес оқытушылардың кәсіби дағдыларын жақсартуды жүйелеу педагогикалық және инновациялық технологияларды пайдалануды жалғастыру, оқу үрдісінде оқытушылардың әдістемелік шеберлігін жақсарту;

4. педагогтердің кәсіби біліктілігін уақытылы арттыруды бақылауға алу және ұйымдастыру;

5. колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту және толықтыру;

6. мамандықтар бойынша кәсіптік білім беру сапасын бақылау және жақсарту;

7. кәсіптік білім берудің сапасын арттыру мақсатында шетелдік ТжКБ оқу орындарымен байланысты нығайта отырып, кәсіптік практиканы жақсарту;

8. колледждің білім саласындағы жетістіктерін БАҚ-та хабарлау және электрондық ресурстармен толықтыру;

9. тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұлттық құндылықтарды негізге алу;

10. студенттердің рухани және техникалық мүмкіндіктерін дамыту, құқықтық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын жүргізуге бейімдеу және ақыл-ой еңбегінің мәдениетін дамыту.