Қаратау құрылыс– техникалық колледжі 1963 жылы 9 мамыда КСРО БҒМ №378 бұйрығына сәйкес құрылған. Колледж – мемлекеттік орта арнаулы оқу орны.
Бүгінгі таңда колледж 12 мамандық бойынша орта буын мамандырын – экономист – бухгалтер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешісі, техник – бағдарламашыларын, автокөлік механиктері, құрылысшылар, электромеханиктер және мұнай – газ кенорындарына техник-технологтарды дайындайды. Осы уақыт аралығында колледж Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі үлкен өндіріс орындары мен мекемелерге 10000-нан аса мамандар дайындады.
Колледждің оқу-өндірістік базасы және ғылыми-педагогикалық кадрлары бүгінгі күннің талабына сай. Оқытушылар құрамының 67% пайызы жоғарғы және бірінші санатты. Оның ішінде, 1–ғылым докторы, 1-Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі, 2 - ғылым кандидаты және 1 - КСРО және Қазақстан Республикасының білім беру үздіктері мен 3-«Ы.Алтынсарин» медальның иегерлері. 2 - «Үздік педагог» Республикалық байкаудың жеңімпазы.
Оқу-өндірістік базасында «Ақпараттық-қашықтықтан оқыту технологиялары, мониторинг, тестілеу және сапа менеджмент» оқу орталығы, 5 оқу өндірістік шеберхана, 46-арнайы оқу кабинеттері мен зертханалар бар. Оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына барлық жағдайлар жасалынған. 35 орындық жатақхана, буфет-асхана, 190 орынды АКТ залы. 30 мыңнан аса үстінде кітап қоры бар кітапхана, Интернет клубы және спорт алаңдары жұмыс істейді.
Колледжде қосымша білім беруде, «1С Бухгалтерия» бағдарламасын игеру және Дербес компьютермен жұмыс істеу операторы біліктілігін дайындайтын қысқа мерзімді оқу курстары жұмыс істейді.
Колледж кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа технологияларың енгізуде халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми - практикалық конференциялар мен семинар - кеңестерге қатысып өз үлесін қосып жүрген бірден бір инновациялық оқу орталығы.
Бүгінгі күні оқу орнында оқытудың кредиттік және қашықтықтан білім беру технологиялары және дуальды оқыту жүйесі еңгізілген.
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі мемлекеттік тапсырыс негізінде мамандар даярлайды.
Бүгінгі күнге 500-ден аса білімгер мемлекеттік тапсырыспен оқиды және 16759 теңге стипендия алады. Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларынан оқитын білімгерлер бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады және жолақысы төленеді.
Ақылы негізде оқитын тұрмысы төмен (жетім, көп балалы отбасы) және спорт пен өнерде жоғарғы жетістіктерге жеткен білімгерлерге «Колледж гранты» тағайындалады және төлемақысына 10-50 пайыз аралығында жеңілдік жасалады. Сонымен қатар оқу озаттарына жеңілдіктер береді (бірінші жылы – 10 пайыз, келер жылдары – 20 пайыз).
Коллледж командасы орта арнаулы оқу орындары арасында спорттың 9 түрінен өткізілген облыстық Жазғы Спартакиаданың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүндегері.
Біздің білімгерлер облыстық, республикасың байкаулар мен мен пән олимпиадалары және ғылыми жобалардың жеңімпазы мен жүлдегері.