30 Қараша 2023
44

Бос лауазымына орналасуға конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Қаратау құрылыс-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; Қаратау қаласы, Т.Рысқұлов көшесі №1, тел: 6-24-84; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Арнайы пән оқытушысы (электрме нқамтамасыз ету бағыты бойынша)– 360 сағат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен Педагогикалық лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары сәйкес келуі
Құжат қабылдау жеті жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
5) Конкурсқа қатысушылар төмендегі көрсетілген құжаттарды тапсыруы қажет:
- бекітілген нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6) Бос лауазым – декреттік кезең уақытына берілді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location