08 Қыркүйек 2023
22

Бірінші және екінші курс студенттерімен кездесу

құқық бұзушылықтың, суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында бірінші және екінші курс студенттерімен кездесу өтті.
Талас аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Қалмұратов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың мазмұны мен ерекшеліктеріне, сондай-ақ қылмыс түрлері үшін жауапкершілік шараларына жан-жақты тоқталды. Соның ішінде, ағымдағы жылы өткен жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда кәмелетке толмағандар тарапынан мифидрон , синтетикалық есірткіге тәуелділердің кемімей отырғандығын, сонымен қатар жасөспірімдер тарапынан есепті кезеңде үлкен мегополистердің бірінде «закладчик» болу оқиғалары орын алғандығын да мәлімдеп, мұндай қылмыс үшін ауыр жаза белгіленгендігіне назар аударды.
Талас ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшесі Г.Қалықұлова кәмелетке толмағандардың арасындағы ерте жыныстық қатынастарға қызығушылық білдірудің салдары «сан соқтыру» мен өкінуге апарып соғатындығын қадап айтты. Әрі мұндай оқиғалардың нәтижесі ата-аналар үшін де ауыр соққы болып табылады деп түйіндеді.
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location