13 Қыркүйек 2023
23

Ашық форматты кездесу

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилкатикасы туралы 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы» мен «Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстарды атқаратын мобильдік топтардың жұмысы туралы » алгоритмді орындау мақсатында, бөлім меңгерушілері Ғ.Ибраимов және Н.Субинов студент ұл балалармен ашық форматты кездесу өткізді.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде Ғ.Ибраимов ҚР ҚК 188б. (ұрлық), 191 б. (тонау)194 б. (қорқытып алу) және 293 б. (бұзақылық) түсіндірді. Сонымен қатар аталған нормаларда белгіленген жеке немесе топтық қатысуға байланысты жазалардың ерекшелігіне тоқталды. Өз баяндамасының түйіні ретінде әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс туғызған жекелеген жағдайларға тоқталып, олар үшін белгіленген жазаның мазмұнына шолу жасады.
Н.Субинов құқық бұзушылықтың алғашқы қадамы ретінде сабаққа қатыспау және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта мекен-жайынан тыс заңды өкілдерсіз, әрі мақсатсыз жүруі басты негіз болып табылатындығын мәлімдеді. Сондай-ақ, белгілі бір мәселелер қалыптасқан жағдайда өз тарапынан оны қарауға және шешуге мүдделі екендігін хабарлады.
Іс-шара соңынган студенттер тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар қатысушылар талқылауына ұсынылды.
 
 
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location