18 Қыркүйек 2023
25
«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары»
«Жасөспірімдер және жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шаралар кешенін ұйымдастыру »
тақырыбы аясында «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары» тақырыбында семинар-кездесу өткізді.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жамбыл облысы департаментінің жанындағы ведомтвоаралық топ мүшесі Қ.Меклисов және «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің Ж.Көлбаева қатысты.
Қ. Меклисов бүгінгі таңда жасөспірімдермен жасаған және оларға қарсы жасаған қылмыстар өзекті мәселеге айналып отырғандығын, әрі бұл тақырыпта жасөспірімдердің өздерінің белсенділігін теріс бағытта пайдалануы да құқықбұзушылықтар «көшін» арттыруда екендігіне назар аударды. Жастарға белсенділіктерін өздерінің жеке мүдделерінде пайдаланудың орны ретінде тілдерді, соның ішінде қытай, ағылшын және испан (америка құрлығының басым бөлігінде пайдаланатын тіл ретінде) тілдерін үйренуді және өз мамандықтарының қыр-сырын меңгеруді әлеуметтік желі мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тереңдетуге әбден мүмкін екендігін ескертті.
Ж.Көлбаева жастар үшін қала аумағында бірнеше спорттық объектілер мен алаңдардың (әрқайсысын жеке-жеке атап) қызмет етіп отырғандығын , әрі қатысушы студенттердің барлығының мемлекеттік грант негізінде білім алуда екендігіне тоқталап, студенттерге бұл бағыттағы жұмыстар әрі жалғасын табатындығына сендірді. Дегенімен, жасөспірмдер арасындағы құқық бұзушылықтар кемуі үшін олардың тарапынан оң әрекеттердің болуы басты шарт екендігін де ұмытпады.
Колледж инспекторы, Талас аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ ЮПТ инпекторы полиция лейтенанты Т.Серік студенттерге жасөспірімдерге қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жекелеген нормаларына тоқталды.
