25 Қыркүйек 2023
26

«Заңсыз ақша жинауға тыйым салу»

Жамбыл облыстық білім басқармасымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларының жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында, колледж директорының «Заңсыз ақша жинауға тыйым салу» туралы 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №97 бұйрығы оқытушылар мен қызметкерлер қауымына түсіндірілді.
Колледж директоры Д.Туменбаев бұйрықтың мәні мен өзектілігіне жан-жақты тоқталды.
Комплаенс қызметкері Ғ.Ибраимов іс-шараға қатысушыларды ҚР қылмыстық кодексінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы белгіленген жекелеген нормаларымен таныстырды, соның ішінде пара беру (ҚР ҚК 367б.), пара алу (ҚР 366 б ), пара беруде делдалдық (ҚР 368 б ) нормаларының мазмұнына сипаттама берді.
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location