28 Қыркүйек 2023
25
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі
тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа Талас ауданы прокурорының көмекшісі Батыр Сапарұлы, кәмелетке толмағандардың ісін және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Г.Калыкулова, колледж директоры, оқытушы-қызметкерлер мен ата-аналар қатысты.
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша: 1. 2023-2024 оқу жылындағы колледждің ішкі тәртіп ережелері, алға қойған негізгі міндеттері. Баяндамашы: Колледж директоры Д. Түменбаев
2. “Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал” Б. Қалмұратов,
3. “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыптарында Г. Қалыкуловалар баяндамалар жасады. Педагог-психолог ата- аналарға бала мен ана арасындағы жылулықты нығайту мақсатында тренинг жүргізді. Сонымен қатар әртүрлі мәселелер талқыланып, ата-аналардың пікірлері тыңдалды. Жиналыс соңында баяндамашыларға өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып ,толыққанды жауап алды.
