03 Қазан 2023
28
Студенттермен кездесу
акт залында, Жамбыл облысында нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша 2023-2024 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы» жоспарын жүзеге асыру мақсатында студенттермен кездесу өткізілді.
Іс-шараның алғашқы бөлігінде колледж директоры Д.Түменбаев жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың өзекті мәселе болып отырғандығына назар аударды.
Колледж инспекторы, Талас аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ ЮПТ инпекторы полиция лейтенанты Т.Серік жасөспірімдердің жазғы каникул кезеңінде мегополистерге табыс табу мақсатында барып, әлеуметтік желіде жұмыс іздеу нәтижесінде заңсыз есірткі өндірісі мен айналысын ұйымдастырушылардың «өрмегіне» түсу фактілерінің бүгінгі таңда жаңалық болудан қалғанына өкініш білдірді. Әрі мұндай «белсенділіктің» салдары синтетикалық есірткі заттарын дайындау үшін 3-5 жыл қылмыстық жаза қарастырылса, ал тасмалдаушы мен таратушы (закладчик) үшін жаза одан да ауыр екендігіне тоқталып, оның қоғам мен мемлекет үшін зардаптарын ашып көрсетті. Сондай-ақ, қорқынышты ұмытып заңды аттап өтудің басты себебі жоғары сыйақы екендігін атап өтіп, «тегін ірімшік- қақпанда ғана болады»,-деп өз баяндамасын түйіндеді.
Бөлім меңгерушісі Ғ. Ибраимов қылмыстық кодекстің жекелеген нормаларына тоқталып, ондағы көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жазаны да жария етті. Соның ішінде, ҚР ҚК 188 б. (ұрлық) бойынша 1мың АЕК көлемінде айыппұл, не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 191б. (тонау) 3мың АЕК көлемінде айыппұл, не 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру 194б (бопсалау) бойынша 4000 АЕК не 1-5 жылға бас бостандығынан айыру, 122б., 120б (жыныстық қатынасқа түсу) 5-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылғандығын атап өтті. Сонымен қатар, сағ.15км жоғары жылдамдықтағы көлік құралдарын, яғни электроскутер, мопед, электровелосипед, мотоцикл және т.б. куәліксіз басқару үшін айыппұл белгіленгендігін, бүгінгі таңда бұл сома 219мың теңгені құрайтындығын ескертті.
«Аузы күйген үрлеп ішеді»,-дейді қаза
