05 Қазан 2023
34

Ұстаз мәртебесі-Мемлекет назарында

5 қазан «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының білім жүйесінде ұстаздар мәртебесіне қатысты қабылданған Заң аясында жасалып жатқан жаңашыл жаңалықтары мен жаңа дәуірдің жаңа ұрпақтарын тәрбиелеуда жүктелетін міндеттерге тоқталуы -ол білім саласына түбегейлі жаңа көзқарас қажет екендігін және ұстаз мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талаптың күшейетінін көрсетіп отыр.
Ұстаздардың біліктілігін арттыруда ұстаздың міндетіне кірмейтін артық жұмыстың алынып тасталуы арқылы кәсіби біліктіліктерін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатқаны, тиісінше студенттер шәкіртақысының көбеюі - білікті ұстаз даярлау ісіне баса мән беріліп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, министрлік тарапынан біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы ұстаздарға жасалып жатқан қысым мен шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажеттігі, жергілікті әкімдердің педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастыруда қолайлы жағдай жасауы керектігін тапсырғаны- бұл ұстаздар мәртебесі жөніндегі Заңның уақыт келе күшіне еніп жатқандығын көрсетіп отыр.
Мемлекет басшысы кәсіптік және техникалық білім саласында қазіргі еңбек нарығының жылдам өзгеруіне байланысты алдағы уақытта қазіргі кәсіптердің жартысына жуығын цифрлық және техникалық жүйелер алмастыратынын алға тарта отырып, білім саласын үздік халықаралық стандарттарға сай дамыту, жаңғырту тек заманауи технологияның көмегімен ғана іске асатынын баса айтты.
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location