05 Қазан 2023
36

Оқу орны ең қауіпсіз орынға айналу тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер сьезіндегі баяндамасында еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымының аянбай еңбек етуінің арқасында өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру –өте маңызды міндет екенін көрсетіп отыр.
Соңғы уақытта өкінішке орай, білім алушылардың бір-біріне әлімжеттік, тіпті, зорлық көрсетуі тыйылмай отыр. Соның кесірінен олар өз-өзіне қол жұмсауға, яғни суицидке дейін баруда.
Буллинг балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және олардың жан дүниесіне орны толмас зиянын тигізеді. Сондай ақ оқу үдерісіне кері әсер етеді. Балалардың әлеуметтік ортадан шеттеп қалуына, ой-санасының бұзылуына әкеп соқтырады. Соңғы уақытта мемлекет басшысына зорлық-зомбылық көрген балалардың ата-аналарынан өтініштер келіп түсуде. Ашығын айтқанда, мұндай хаттарды оқу оңай мес. Жасөспірімдердің қылмыстық психологиясы мен кейбір мұғалімдердің немқұрайлығынан құрбаны болып жатқаны жай күйімізді ауыртады. Мемлекет басшысы Президент әкімшілігіне қылмыс жасағандарды заң жүзінде жазалау үшін осындай жағдайлардың бәрін айрықша бақылауға алуды тапсырды. Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылық жасаушыларды басқа жолмен тоқтату мүмкін еместігін, білім ошақтарында қылмыстық психологияның таралуы секілді келеңсіздіктерді түбірімен жою керектігін құзырлы органдарға қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасаған адамдардың жазасын қатаңдатуды, жалпы балаға психологиялық қысым жасалмауына ең алдымен ата-ананың өзі жете көңіл бөлу керектігін нақты тапсырды.
Сондай ақ барша ата-анаға: балаларының зорлық –зомбылық жасауына, қоғамдық тәртіпті бұзуына ерік бермеуді, әсіресе оларды мұғалімдердің алдында қорғамауды, баланың бетінен қақпаймын деп, оның теріс қылықтарына көзжұма қараудың соңы келешекте қайғылы жағдайға әкеп соқтыру мүмкін екендігін айтты.
 
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location