10 Қазан 2023
45

Химия саласындағы жаңа әріптестік

       Әлеуметтік серіктестік бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Қаратау құрылыс-техникалық  колледжі әкімшілігі мен Талас ауданы Қаратау қаласында «пиросульфит натрии» өндіру жобасының құрылысын жүргізіп жатқан Түрік Республикасы «Koyuncu Group» компаниясының Қазақстандағы еншілес кәсіпорны «Karatau Chemicals» (Қаратау Кемикалс) арасында 13.06.2023ж «Электромеханикалық жабдықтарына  техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электрмен қамтамасыз ету», «Химиялық технология және өндіріс»,  «Дәнекерлеу ісі», «Слесарлық ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандықтары  бойынша білім беру процесін жетілдіру және жақсарту саласындағы білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыру мен өткізу, қайта даярлауда, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін тағылымдамадан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және  түлектерді еңбек шартын жасасу арқылы алынған кәсіптік білімінің деңгейі мен бейініне сәйкес бос жұмыс орындары болған жағдайда лауазымдарға жұмысқа қабылдау  мақсатында  . екі жақты  Меморандумға қол қойылған болатын.
         Міне, бүгін 9.10.2023ж. осы Меморандум аясында Тараз қаласының Абай даңғылы 103А әкімшілік ғимаратында колледж директоры Туменбаев Дәурен Кыдырбекұлы мен «Karatau Chemicals» (Қаратау Кемикалс) ЖШС атынан бас директорының бірінші орынбасары  Рахим Ергюн арасында 07110100-«Химиялық технология және өндіріс» мамандығы 1-ші және 2-ші курс студенттерінің өндірістік практикасын ұйымдастыру арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін тағылымдамадан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және  түлектерді еңбек шартын жасасу арқылы алынған кәсіптік білімінің деңгейі мен бейініне сәйкес бос жұмыс орындары болған жағдайда лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөнінде  3-жақты келісім-шартқа қол қойылды. Алдағы уақытта осындай 3-жақты келісім-шарттарға отыру меморандумда көрсетілген басқа мамандық студенттерімен де жалғасын табатын болады.
  Ильясов Алмас Төребайұлы. Қаратау құрылыс-техникалық колледжі директрының
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location