11 Қазан 2023
55

«Бүгінгі бойжеткен –ертеңгі болашақ ана»

келбет-кескіні кемелденген қыз бала болып саналады. Қай халықта болмасын қыз әдемілік пен әдептіліктің, сұлулықтың баламасы іспеттес. Халқымыз жайсаң мінезді, әдепті жігітті де «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Қыз абыройы болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңішке» деп, қыздың жаза баспауын қатаң қадағалап отырған.
Әрине, бойжеткен абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына, сезім дүниесі жайлы ой-өресінің тереңдігіне байланысты екені хақ. Сондықтан да әрбір ата-ана өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды. Қыз абыройлы болу үшін оның мінез-құлқы ибалы, инабатты болуы керек. «Қыз қылығымен жағады» деген мақал содан қалған. Осы орайда
Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің «Инабат» қыздар клубы 11.10.2023 ж күні ерте жүктіліктің алдын алу бойынша «Бүгінгі бойжеткен –ертеңгі болашақ ана» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге Талас аудандық аналар кеңесінің төрайымы Молдабаева Данагул Әшірбекқызы шақырылды. Аналар кеңесінің төрайымы жасөспірім қыздарымызға ақыл –өсиетін айтып, ашық түрде пікірталас орнатты.
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location