25 Тамыз 2023
39

Педагогтардың бос лауазымына орналасуға конкурс

 «Қаратау  құрылыс – техникалық колледжі» 2023-2024 оқу жылына

 педагогтардың бос лауазымына орналасуға конкурс

ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша:
  2. математика–1,5 бірлік;  орыс тілі және әдебиеті – 1 бірлік; 
  3. Арнайы білім беру пәндері бойынша:
  • химиялық технология және өндіріс мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері –1 бірлік;

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім

 

Конкурсқа қатысушылар төмендегі көрсетілген құжаттарды тапсыруы қажет:

1) бекітілген нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) бекітілген нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

Құжаттар көрсетілген мекен-жайда қабылданады:

Қаратау қаласы, Т.Рысқұлов көшесі №1, Кадр бөлімі, тел: 6-24-84

 

Конкурс өткізілетін күн:  29.08.2023ж.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location