ояту мақсатында ұйымдастырылған 15 қараша –Ұлттық валюта күніне орай, «Теңге –мемлекет келбеті» тақырыбында 0613-21-9б топ білімгерлерімен тәрбие сағаты өтілді.Тенге –біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.Басқа елдің валютасына тәуелді болу бұл- барлық байлығыңды біреудің билігіне беру.Ұлттық валюта-еліміздің даму көзі,әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 қараша республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде, 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.