03 Қараша 2022
41
Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды.
Спорт-ол күрес. Спорт -әр адамның өмірінде үлкен орын, үлкен өзгеріс алып жатыр. Алға қойған мақсатқа жетуді және қалай жеңу жолдарын үйретеді. Көңілімізге қуаныш пен күш сыйлайды. Оған себеп Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің түлегі Берденова Сабинаның спортқа деген махаббаты мен қызығушылығын айтуға болады. Сабина осы спорттың жетегінде жүріп қазіргі таңда көгалдағы хоккейден өзінің жемісін көріп жүрген түлегіміз. Ол көгалдағы хоккей ойының ҚР құрама қомандасының мүшесі, ойыншысы. Ағымдағы жылы Индонезия елінде өткен азиялық көгалдағы хоккейден өткен чемпионатта Қазақстан құрама командасында ойын көрсетіп, 2 орынды иеленіп Азия ойындарына жолдама алды. Бүгін колледж қабырғасында жеңімпаз спортшымен студенттер арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Сабина спорттағы жеткен жетістіктерімен, толағай табыстарымен әңгіме сұхбат құрды. Көрермендер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, әдемі пікірталас орнатылды.
Бойларында жігер күші тасыған
Кездері жоқ қиындықтан жасыған
Түлектерім келіп отыр бой түзеп
Арналсыншы оларға бүгін сый – құрмет деп кездесу соңында ұжымның атынан сый-құрмет көрсетілді.
Сабинаға әрқашан жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!
