17 Қазан 2022
39

«Мамандығым-мақтанышым» кәсіптік экскурсиясы

мақсатты дайындау негізінде жасалған 3-жақты келісім-шарт арқылы қабылданған 0713000-«Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және 0716000-«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарының студенттерімен оқытуға өтінім жасаған мекеме Казфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешеніне» студенттердің мамандықтарымен таныстыру мақсатында 14 қазан күні экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға шығар алдында студенттер колледжден кіріспе инструктаждан өтіп, арнайы журналға қолдарын қойып, мамандық бойынша жетекшілер бекітілді.
Мекемеге арнайы рұқсат қағазымен кіргізілгеннен кейін экскурсия алдында студенттерді кешеннің «Еңбек және техника қауіпсіздігі» жөніндегі инженері Сәрсеков Ғабит Пернебекұлы «жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы» ережесімен таныстырып, мамандықтарына сәйкес мекеме базасының цехтарына бөліп, мекемеден бекітілген жетекшілермен таныстырды. «Қуатцехының» бастығы Сасықбаев Ержан Қасымбаевич және «Сынақтан өткізу және тексеру электромонтері» Байғараева Сандуғаш мамандық студентерін цехтағы жұмыс істеп тұрған қондырғылардың жұмыс технологиясымен, түрлі өлшеу, сынақтан өткізу тексеру құралдарымен және арнайы киім түрлерімен таныстырса, «Автомобиль цехы» бастығының орынбасары Арғынбек Ғабит Арғынбекұлы мен «Техникалық өткізу» бақылау шебері Айнаев Әділ Бәкірұлы мамандық студенттерін цехтағы барлық өндірістік, карьерлік автомобильдердің маркаларымен, атқаратын жұмыстарымен, кешенге келген жаңа техника, машина механизмдермен, олардың техникалық параметрлерімен таныстырды.
Экскурсия барысында студенттер тарапынан берілген түрлі сұрақтарға мекеме мамандары нақты жауап берді. Сонымен қатар, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 1-ші курс студенті Нұржігіт Нұрислам және -«Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 1-ші курс студенті Попов Артем экскурсия барысында өз мамандығы жөнінде сұхбат берді. Студенттер мекеме мамандарына және осы экскурсияны өткізуге мекемеден бекітілген жауапты Ғабит Пернебекұлына рахметтерін айтып, ыстық ықыластарын білдірді. Қорытындысында, студенттер мекеменің қатаң тәртібін де сезінгендерін жасырмады.
Ильясов Алмас Төребайұлы, директордың «оқу-өндірістік ісі» жөніндегі орынбасары.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location