14 Қазан 2022
60

«Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу»

Талас аудандық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің, «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу » тақырыбы аясында студенттермен кездесу өтті.
Іс-шараның кіріспе бөлімінде «Талас ғұмыры» ҮЕҰ –ның төрайымы Жазира Көлбаева есірткі мен есірткі бизнесінің бүгінгі қоғам, соның ішінде жастар үшін қауіпі туралы мәселені көтерді.
Іс- шараны жүргізуші бөлім меңгерушісі Ғ.Ибраимов проблеманың күнгей жағын ашып көрсету үшін сөз кезегін Талас АПБ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі полиция капитаны Данияр Бектеміровқа ұсынды. Өз кезегінде есірткі қылмыстарына қарсы күрес органының өкілі бұл бағытта қол жеткізген жетістіктерге жалпы сипаттама беріп, жекелегендеріне талдау жасады. Соның ішінде, қылмыстың бұл түрі үшін ҚР ҚК бойынша қарастырылған қылмыстық жаза түрлеріне, орын алған қылмыс фактілермен сабақтастыра отырып, түсініктеме берді. Кездесудің осы тұсында модератордың өтініші бойынша Д. Бектеміров есірткі закладкаларын жасайтын және «Графити» сызбаларын қабырғаға салумен айналысатындардың қылмыстық жауапкершілігі жөніндегі түйінді тарқатты.
Модератор іс-шараның есірткі қылмысы мен оның құқықтық нәтижесі (қылмыстық жаза) жөніндегі бөлігін түйіндеп, есірткіні тұтынудың салдары жөніндегі мәселенің мәнін ашып көрсету үшін сөз тізгінін Талас аудандық орталық емханасының нарколог-дәрігері Жаңабай Толқын Жаңабайқызына берді. Денсаулық сақтау саласының маманы ағымдағы жылдағы наркологиялық тіркеудегілер статистикасымен студенттерді таныстырып, өткен жылдармен салыстырғанда аталған есептегілер санының арту динамикасының орын алғандыған мәлімдеді. Яғни, бұл мәселе мемлекет пен қоғамның нақ бүгін басты назар аударатын түйткілдерінің бірі екендігіне тоқталып, есірткі заттарын тұтынудың еркек пен әйел ағзасына кері салдарларын жеке-жеке жіктеді.
Іс-шара соңында баяндамашылар студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Міне осылай бүгінгі жастардың ертеңгі болашағына қам жеген тағы бір іс-шара мәресіне жетті.
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location