03 Желтоқсан 2021
165

"Мен - кәсіпкермін"

республикалық Гранд турнирі
2021 жылдың қараша айының 15 -і мен 24-і аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мен-кәсіпкермін» атты республикалық онлайн Гранд-турнирі өтті. Турнирді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті, Алматы қ. Білім басқармасы, Алматы қ. Кәсіпкерлер Палатасы, Алматы қ. «Салалық қауымдастықтар және кәсіптік білім беру ұйымдары одағы» ЗТБ, Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU); Алматы қ. Халықаралық Бизнес академиясының колледжі ұйымдастырды. Турнирге Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттермен бірге Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің студенттері де қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы жастарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында өткізілді. Турнир екі кезең бойынша өтті: біріншісі Canvas Стратегиялық жоспарлау құралын қолдана отырып, бизнес-жобаны әзірлеуді қарастырды, яғни бейнежазба жасап, оны YouTube арнасына орналастыру және оны қорғау болды. Екінші кезең-үздік бизнес-жобаларды іріктеу және оларды турнир ұйымдастырушылары алдында жария түрде қорғау болып табылды.
Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен ойынға 240-тан астам бизнес-жоба қатысты. Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпкерлері мен бизнесмендерінің құралған Сарапшы қазылар алқасы екінші кезеңге 90-ға жуық үздік бизнес-жобаларды жария түрде Онлайн-қорғауға жол берді. Біздің колледждің командасы ZOOM платформасы арқылы онлайн қорғау үшін екінші кезеңге шақырылды.
23 қараша күні «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алып жүрген 0613-21-9б тобының студенттері Абдулда Жанбота мен Нұрланқызы Акерке, Изтилеуова Жанар Тилеухановнаның жетекшілігімен әзірленген «Қазақтың ұлттық тағамдары көшпелі дәмханасы» бизнес-жобасын лайықты қорғап, қазылар алқасының барлық сұрақтарына жауап берді.
30 қараша күні қорытынды шығарылды. Біздің колледждің командасы жүлдегерлер арасында "Сауда", "Қызметтер" бағыттары бойынша І-ші орынға ие болды.
Іріктеу нәтижелері бойынша жоба жетекшісі мен студенттерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице министрі Ш.Каринованың грамотасымен, сондай-ақ Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің директоры Д.Маселбековке колледж командасының белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры А. Кошмамбетовтың және Халықаралық бизнес академиясы колледжінің директоры А. Хисматуллинаның Алғыс хатымен марапатталды.
Команда қатысушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location