24 Қараша 2021
144

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсаты

акт залында, 1-желтоқсан ЖИТС –ке қарсы күрес күніне орай, жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында денсаулық сақтау саласының мамандарының қатысуымен іс-шара өтті.
Іс-шараның әлқисасында Талас аудандық орталық емхана меңгерушісі Г.Каленова ЖИТС-тың таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдеріне түсініктеме берді. Сонымен қатар, қазіргі таңда аталған ауру бойынша аудандық емхананың есебінде бірнеше адам бар екендігін, әрі олармен жұмыс құпиялылықты талап ететіндігін де ескертті.
Іс-шараның екінші жартысында Г.Каленова аудандық емханада 12-17 жас арасындағы кәмелетке толмағандар арасында короновирустық инфекцияның алдын алу мақсатында «Pfizer» вакцинасын салу басталғандығын, әрі іс-шараның алғашқы күні үш мектеп оқушысының қамтылғандығын мәлімдеді.
Талас аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Е.Кенжебаев бүгінгі таңда аталған вакцинамен АҚШ, Англия, Қытай және Индия елдерінде кәмелетке толмағандар егілгендігін хабарлады. Және де аталған вакцинаның дүниежүзілік денсаулық ұйымымен мақұлданғанын да ұмытқан жоқ. Сонымен қатар , вакцинациялау кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің келісімімен ғана жүргізілетіндігін жеткізді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location