19 Қараша 2021
147
«Мүлдем төзбеушілік » қағидатын іске асыру мақсатында студенттермен кездесу
Облыстағы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың 2021жылға арналған іс-шаралар жоспарының 12 бөлігіне (ата-аналар мен оқушылар, колледж студенттері арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға , құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру) сәйкес, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік » қағидатын іске асыру мақсатында студенттермен кездеу өтті.
Іс-шара барысында Талас аудандық прокуратурасының аға прокуроры Б.Қалмұратов аудандағы жасөспірімдер қатысуымен орын алған құқық бұзушылықтарға сипаттама беріп, жекелегендеріне тоқталды. Әрі аталған келеңсіз көрсеткіштердің кемімеуінің басты себебі ретінде сабақтан тыс уақыттың ұйымдастырылуының тиімділігін арттыру, балалар мінезінде өмірдегі қиындықтар мен өзгерістерге қарсы тұру имунитетінің төмендігі басты фактор болып табылатындығына назар аударды. Бос уақытын мақсатсыз жұмсау, әлеуметтік желідегі әртүрлі еліртпе ойындарға құлшыныс, отбасы мүшелерімен не қоршаған ортамен тіл табыса алмау соңы қылмысқа немесе қайғылы жағдайға апарып соғатындығын қадап айтты. Сондықтан, студенттерді әлеуметтік желіні дұрыс және тиімді пайдалануға, сондай-ақ спорттық іс-шараларға қатысуға шақырды.
Колледж инспекторы Л.Тұрсынхан ювиналды полиция тобымен жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімдеме жасады. Соның ішінде, бүгінгі таңда кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтыну өзекті мәселенің бірі деп белгіледі. Осы бағытта, мұндай қоғамдық тәртіпке жат қылық үшін, ҚР ӘҚБтК 431 бабына сәйкес 15 АЕК айыппұл белгіленгендігін, әрі толық қалыптаспаған ағзаға темекінің зияның да өлшеусіз екендігін ескертті.
Кездесудің қорытынды бөлімінде Б.Қалмұратов қазіргі қоғамда техникалық мамандықтың майталманы болу және салауатты өмір салтын ұстану жетістікке апартын жолдың алғашқы қадамы деп іс-шараны қадаға байлады.
