15 Қараша 2021
153
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру
зиялы қауым өкілдерін тарту барысында Талас ауданының Құрметті азаматы Нұрпейісов Құрал Қошанұлы және ҚР Журналистер Одағының мүшесі. аудандық "Талас тынысы" газетінің тілшісі Сауқымов Қамысбай Маханұлы колледждің 1-2 курс студентерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға 30 жылдың ішінде Тәуелсіздікке қандай жағдайда қол жеткізіп, талай ауыртпашылықтарды бастан кешіргендігіміз туралы әңгіме өрбітсе, екінші бағытта ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың соңғы жолдауында біз үшін ең маңыздысы - әр азаматтың Тәуелсіздіктің игілігін сезіне алуы, оның басты көрінісі- елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық, сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы жайында тұжырымды әңгіме өрбітілді.