01 Қараша 2021
144

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысының сапары

2021 жылдың 30 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Жамангозов Бейқұт Тлебалдыұлы Талас ауданында болып, қаладағы білім ордаларын аралай келе, Қаратау құрылыс-техникалық колледжіне келіп, колледждің материалдық- техникалық базасымен, оның ішінде жаңа оқу жылынан бастап «Жас маман» жобасы аясында 3 құзіреттілік бойынша алынып, орналастырылып жатқан қондырғылар мен құрал-жабдықтардың жұмысымен танысты. Алынған қондырғыларды оқыту шеберлері мен тәжірибе жетекшілерінің қаншалықты игергенін көріп, алдағы уақытта студенттердің де алынған қондырғыларды толық игеру бағытында жұмыс жүргізу керектігін ескертті. Сонымен қатар, колледж оқу - әкімшілік және №2 өндірістік оқыту (бұрынғы №2 колледждің оқу-әкімшілік ғимараты) корпусының да қысқы маусымға дайындығын көріп, ондағы өндірістік оқыту тәжірибелері өтіп жатқан цехтар мен шеберханалардың жұмысымен, сондай-ақ, жалпы колледж әкімшілігі тарапынан екі ай көлемінде атқарылған жұмыстармен танысты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location