22 Қазан 2021
148

«ХХІ ғасырдағы ата-ана өз балаңа үлгі бол»

«ХХІ ғасырдағы ата-ана өз балаңа үлгі бол» тақырыбында колледждің жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараны жүргізген колледж директоры Д.Маселбеков, №2 Қаратау колледжінің қосылуына және жаңа оқу жылында І-ші курсқа қабылданғандар қарасының көбейюіне байланысты, ата-аналарды колледждің ішкі тәртіп ережесімен жан-жақты таныстырды. Әрі бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер ретінде балалардың сабаққа қатысуы мен киім формасын ұстану екендігіне ерекше назар аударды. Осы екі базистік қағиданың жүзеге асырылуы басқа міндеттердің орындалуына іргетас болып табылады деп тұжырымдады.
Қалалық мешіттің имамы А.Омар ұстаз болу мен шәкірт болудың исламдағы мәні мен маңызын тарқатып, мұндағы негізгі байланыстырушы кейіпкер ата-ана екендігін нұсқады.
Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты 2021 жылдың он айында кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылық статиситкасын мәлімдеп, өткен жылмен салыстырғанда аталған теріс қылықтардың артқандығына өкініш білдірді. Әрі осы бағытта кәмелетке толмағандар істері бөлімімен атқарылып шаралар жөнінде ақпарат берді
Іс-шараның келесі белесінде бөлім меңгерушісі Ғ.Ибраимов 2020-2021 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған іс-шаралар жөнінде есеп беріп, негізіг мәселелердің түйінін тарқатты. Баяндама соңынан педагог-психолог А.Ахматбекова «балаңыздың достары кім екендігін білесіз бе?» тақырыбында тренинг жүргізді.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде топ жетекшілері ата-анардың сұрақтарына жауап берді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location