Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында 20 қазан күні Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің кітапханасында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атауымен библиовизит ұйымдастырылды. Колледждің 1 курс студенттері білім алушыларға кітап оқуға тарту мақсатында кітапхана қорына 30 кітап әкеліп толықтырды. Акцияның мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға тарту, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша көркем-әдеби кітаптарға насихат жасау. Акция аясында оқыған кітаптары арқылы үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.