21 Қазан 2021
147
«Бедерлі белес биігі: кемеңгерліктің 30 жылы»
Тарих толқынында талай қилы кезеңдерді басынан өткерсе де, кемел келешекке керуен тартқан жас мемлекеттің жарқын жетістіктерінің бастауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі бар. Азаттықтың алтын бесігіне бағаланған мемлекет дамуын биік межеге жеткізген қайраткер тұлғаның саяси көшбасшылық құбылысын зерттеуге арналған колледждің 1-2 курстар студенттері арасында «Бедерлі белес биігі: кемеңгерліктің 30 жылы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тарих пәнінің оқытушылары 30 жылда Қазақстанның экономика мен сая¬сат, мәдениет пен білім саласында жеткен жетістіктеріне жекелей тоқталды. Осынау жылдар ішінде Қазақ¬стан биік белестерге көтеріліп, елдегі экономикалық бағдарламалар өз жемісін бергенін, ішкі жалпы өнім көлемі он есеге ұлғайғанын, Қазақстанның тарихы, шын мәнінде, мемлекетіміздің негізін қалаушы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылық тарихы екенін атап өтті.

