13 Қазан 2021
133

«Есірткіге қарсы күрес»

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл облысының полиция департаментімен бірігіп жариялаған «Есірткіге қарсы күрес» акциясы аясында, «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен студенттер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Аталған іс-шараға қатысқан командалардың қарасы және ойынның ақтық сынға дейін тартысы бұл спорт түрінің колледж студенттерінің «оң жамбасына» келетіндігін мәлім етті. Тартысты бәйгеде үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін І-ші жүлделі орынмен 0902-18-9 б («Электрмен қамтамасыз ету » мамандығы бойынша ІV-ші курс) тобының , жүйелі командалық ойын көрсеткені үшін ІІ-ші жүлделі орынмен 1114-20-9 б («Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ІІ-ші курс) тобының, жеңіске деген мұқалмас жігері үшін ІІІ-ші жүлделі 0613-21-9 б («Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша І-ші курс) тобының командалары марапатталады. Бір қызығы кілең І-ші курс тобының қыздарынан тұратын соңғы аталған команда ұлдар командаларына елеулі қарсылық көрсетті.
Іс-шара көркін қыздырған 1114-20-9б тобының студенті Петряев Денис және 0902-18-9б тобының студенті Тұрар Мырзағали жарыстың үздік ойыншылары деп танылды.
Аталған іс-шара берісі аудан, арысы облыс көлемінде оқу орындарының арасында волейболдан өтетін болашақтағы жарыстарда үздіктер қатарына үмітті құраманың бар екендігін өрнектеді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location