Жамбыл облысының полиция департаментімен және білім басқармасымен жарияланған «Есірткіге қарсы күрес » акциясы аясында, «Жастар есірткіге қарсы » тақырыбында бірінші курс топтары арасында эстафеталық жарыс өтті. Іс-шара нәтижесі бойынша І-ші орынды 0613-21-9б (бағдарламалық қамтамасыз ету) тобы, ІІ-ші орында 0732-21-9б (Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану) тобының студенттері жеңіп алды.