Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған«Тәуелсіздік – ел бақыты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашы А.Құтпанбаева: -Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз Президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Осы кезеңде республикада тарихты еске алу,яғни қазақтың ұлы билері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би; қуғынға ұшыраған қайраткерлер - Т.Рысқұлов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, (желтоқсан оқиғаларының қаһармандары және т.б.) сияқты көрнекті тұлғаларды еске алып, құрмет көрсету шараларының өткендігін, осы жылдар ішінде қазақ ақын - жазушыларының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайлы жазған шығармаларының жарық көруіне мол мүмкіндік туғанын,сондай-ақ жерлес қаламгерлеріміздің де еңбектері бар екенін айта келіп,олардың шығармаларымен таныстырды.
Студенттер де өз кезегінде жерлес ақын - жазушылардың шығармаларын оқып, пікірлесті.