Жамбыл облысының полиция департаментімен және білім басқармасымен жарияланған «Есірткіге қарсы күрес » акциясы аясында, «Есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға қатысқан Жамбыл облысы ІІД Талас және Сарысу ауданаралық есірткіге қарсы күрес бөлім бастығы полиция капитаны Бектеміров Данияр Оспанұлы және Талас аудандық орталық емхананың алдын алу бөлімінің психологы Назгүл Қасымбекова қатысып, есірткімен байланысты қылмыстардың ерекшелігі мен оның құқықтық салдарына тоқталып, адам денсаулығы мен психикасына зиянына талдау жасады. Іс-шара соңында Н.Қасымбекова аудан бойынша наркологиялық есепте тұрғандар санының артуы бұл мәселенің қоғам үшін қазіргі таңда көкейкесті мәселеге айналып отырғандығын растайды,- деп түйіндеді.