біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу процестері арқылы жүзеге асады. Арнайы пәндер оқытушысы Жүзбаев Нариман Күмісбекұлы 2021 жылдың 12-16 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы және жақын шетел оқу орындарының ынтымақтастығы аясында өткен «Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын қолдану негізінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру» атты халықаралық ашық білім беру форумына қатысты. Форумның ұйымдастырушылар «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Когалым политехникалық колледжі» БУ. Осы форум аясында оқытушы Н.К. Жүзбаев 15 сәуірде «Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту табысты маманның кепілі» «Бір фазалы түзеткіштің жұмысын зерттеу» тақырыбында электр және жылу энергетикасы бейіні бойынша мастер-класты өткізді. Біздің колледждің оқытушылары өздерін ашық диалогқа, ынтымақтастыққа және тәжірибе алмасуға дайын жоғары білікті мамандар ретінде мәлімдейді.
24 Сәуiр 2021
324