24 Сәуiр 2021
271
“Ерікті болу ерлікпен тең”
ұранымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “30 игі іс” атты қайырымдылық акциясы бойынша “Үміт” мектеп-интернатының мүмкіндігі шектеулі ерекше оқушыларымен табиғат аясында серуен құрды. Волонтерлар “Орталық саябақта” оқушыларды колледждің тыныс тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, түрлі ойындар ойнап, түскі ланчтарын табиғат аясында бірге ішті. Бұл іс-шара барысында колледж студенттері мен оқушылардың арасында ерекше байланыс орнады. Мектеп-интернатының педагогтар мен оқушылар өз кезегінде алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта колледж волонтерлары да осындай серуендерді жиі ұйымдастыратындарын айтты.
“Ерікті болу ерлікпен тең”


