24 Сәуiр 2021
300
Студенттер «дипломалды» іс-тәжірибесінің «Қорытынды есептерін» «Zoom» платформасында қорғады.
COVID-19 вирусының таралуына байланысты жарияланған ҚРБжҒМ 23.08.20 ж. №345 бұйрығының 3-ші қосымшасына сәйкес Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде 0816.000 - «Химиялық технология және өндіріс» мамандығының, 0816-17-9б тобының студенттері 02.03.21 ж. - 12.04.21 ж. аралығындағы «Қашықтан оқыту» технологиясы бойынша бекітілген алгоритм бойынша өткізілген дипломалды тәжірибесінің «Қорытынды есептерін» 13.04.2021ж «Zoom» платформасында колледжден бекітілген комиссия алдында қорғады.
Студенттер «Қорытынды есептерін» таңдаған мекемелеріне сәйкес, 4 топқа бөлініп қорғады.
Бірінші топ студенттері «Технологиялық» бөлімде, шикізаттың, дайын өнімдердің және қосалқы материалдардың сапасы, процестің теориялық және технологиялық сипаттамасы, технологиялық режим негіздемесі, процесті автоматтандыру мен аналитикалық бақылау бойынша мәлімметтерді зерттеп, талдау жүргізсе, екінші топ студенттері есептеу бөліміндегі процестің материалдық және жылулық баланстарын құру, негізгі аппараттың құрылымдық өлшемдерін есептеу жөнінде баяндады.
Ал үшінші топ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөліміндегі өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын - алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болдырмаудың ережелерін, қауіпсіздік техникаларын зерделеп, қоршаған ортаны зиянды газдар мен қалдықтардан қорғау шаралары жөнінде зерделесе, төртінші топ экономикалық бөліміндегі өндіріс өнімділігін, өнімнің өзіндік құның және жұмысшылардың еңбекақы қорын есептеу мен диплом тақырыптары бойынша жинақтаған материалдары жөнінде баяндады. Жалпы топ студенттері «Қорытынды есептерін» комиссия алдында толық қорғап шықты.
Директордың «оқу-өндірістік ісі» жөніндегі орынбасары А. Ильясов

