08 Сәуiр 2021
804

«Жас маман»

Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде 2019 жылғы 23 қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  ҚР Үкіметінің қаулысымен «Жас маман» жобасының операторы болып  «Талап» КЕАҚ (бұрын «Кәсіпқор «Холдингі"» КЕАҚ) белгіленді.

«Жас маман» жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- өңірлер бойынша сұранысқа ие 100 индустриялық және сервистік мамандықты анықтау;

- іріктелген мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын колледждер мен жоғары оқу орындарын іріктеу;

- сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру;

- білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін, сондай-ақ мәлімделген кәсіп бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын жасауға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту;

- колледждерге қосымша қаржыландыру шартымен жабдықтарды сатып алу (кемінде 5% жергілікті бюджет есебінен).

- лизинг тетігі арқылы және/немесе ЖОО-лардың өз қаражаты есебінен ЖОО-лар үшін жабдықтар сатып алу.

«Жас маман» жобасын іске асыру нәтижесінде  оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады, мәлімделген кәсіп бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтарына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізеді.

Осы жобаны іске асыру аясында колледжде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына арнайы пәндер оқытушылары, колледж әкімшілігі және әлеуметтік әріптестердің өкілдері кірді. Сатып алынатын жабдықтардың тізбесін жасау World Skills халықаралық стандарттарының, қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына және әлеуметтік серіктестердің ұсыныстарына негізделді.

Бүгінгі таңда үш біліктілік бойынша заманауи оқу-өндірістік жабдықтарды Мемлекеттік сатып алу жарияланды, әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстары қаралуда, шарттар жасалды.

Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мақсатында оқу-өндірістік шеберханаларға ағымдағы жөндеу жүргізу, сатып алынған жабдықты орнату үшін ангар салу жоспарлануда.

Колледж базасында, сондай-ақ осы жобаны іске асыру аясында World Skills чемпионаттарына дайындықтан өтуге, кәсіби құзыреттер мен еңбек дағдыларын алуға және бекітуге мүмкіндік беретін құзыреттер орталығын ашу жоспарлануда.

Материалдық-техникалық базаны жаңғыртудан басқа, шетелдік әріптес дайындаған білім беру бағдарламалары негізінде мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары өзектендірілетін болады.

Шетелдік серіктес - Soprano Group, Финляндия (шетелдік серіктес) ТжКБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу кредиттік-модульдік жүйе бойынша жүзеге асырылды және «құзыреттерге негізделген оқытуға» бағытталған.

Шетелдік серіктес ұсынған білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарланған кредиттік-модульдік тәсіл кезінде білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына қойылатын жалпы талаптардың сипаттамасын, сондай-ақ:

- кәсіптік білім беру мазмұнының еуропалық және финляндияның стандарттарына сәйкес 180 кредит көлемінде әзірленді;

- оқыту нәтижелеріне сәйкес базалық және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды көздейді;

- модульдер бойынша білім беру бағдарламаларының үздіксіздік қағидаттарын ескереді;

- білім алушылардың бір білім беру бағдарламасы шеңберінде жұмыс біліктілігінен орта буын маманына дейін әртүрлі деңгейдегі біліктілікті меңгеруіне арналған;

- кейбір бағдарламаларда қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының деңгейімен салыстыруға болатын біліктілік деңгейінің элементтері көзделген.

Источники https://kasipkor.kz

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location