2021 жылдың 3сәуірінде Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде, Талас ауданы әкімдігінің ішкі сасат бөлімінің дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру

Талас ауданы әкімдігінің ішкі сасат бөлімінің дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) мүшесі Ж.Әнебеков І-ші курс топтарының студенттеріне әлеуметтік желідегі ақпарат ағымымен танысу мақсатында саиттарға тіркелу мен әлеуметтік парақшаларды ашу, ондағы мәліметтерді таратудан туындауы мүмкін қауіп қатерлер мен заңбұзушылықтардың ықтималдығын түсіндірді. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі жекелеген оперторлар желілерінің ерекшелігіне тоқталып, өз парақшасындағы құпия сөзді немесе оған байланыстырған ұялы телефон номерін ұмыту( жоғалту) салдарының да дестурктивтік діни ағымның үгіттеушілері үшін таптырмас олжа болуы мүмкін екендігіне ескертті.
Өз кезегінде бөлім меңгерушісі Ғ.Ибраимов дін мәселелері бойынша сұрақтарға әлеуметтік желі арқылы жауап іздеу арқылы өзінің рухани қажеттілігін қанағаттандыру әр бір азаматтың конституциялық құқығы екендігін атап өтті , дегенімен бұл бағытта Қазақстан Республикасы Бас Муфтиятымен рұқсат етілген ресми сайттардағы ақпараттың ғана жөн екендігіне назар аударды.