08 Сәуiр 2021
320
«Сыбайлас жемқорлық»
Талас ауданының 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында , онлайн режимінде, «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құрамыз » тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның кіріспе бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс –қызметтердің функциясын атқаратын құрылымдық бөлімшенің қызметкері Ғ.Ибраимов «Сыбайлас жемқорлық» ұғымына қысқаша түсініктеме беріп, Transparency International жаһандық антикоррупциялық қозғалысының 2020жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстанның рейтингтік көрсеткіштері соңғы үш жылда оң бағыттағы қозғалыста екендігін атап өтті. Сонымен қатар, аталған саладағы өзгерістердің баянды болу үшін Transparency International тарапынан белгіленген ұсыныстарға жеке-жеке тоқталып, талдау жасады.
Іс-шараны қорытындылағын колледж директоры Д.Маселбеков ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық қызметі барысында ашықтық пен тазалықты қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті қалыптастыруға ұмтылуға міндетті деп қадап көрсетті.

