07 Сәуiр 2021
555

Жүректен-жүрекке» атты тренинг

Талас аудандық СЭБ жетекші маманы Е. Кенжебаевтың және аудандық ауруханасының психолог маманы А.Құлымбетованың қатысуымен бірінші курс студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында СЭБ өкілі туберкулез ауруының пайда болуы себептері мен салдарын, сонымен қатар оны емду процестерімен жасөспірімдерді таныстырды. Сөз арасында соңғы екі жылдағы статистикалық көрсеткіштерге тоқталып, қазіргі таңдағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды өрнектеді. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың бірі ретінде бурцулез (сарып) ауруына сипаттама беріп, мүйізді ірі қара ұстайтындықтан аудан тұрғындарының басым бөлігі сарып ауруының жұқтыруы мүмкін субъектілер ретінде қаралатындығын қадап атады. Жұқпалы аурулардан сақталудың бірден-бір жолы ретінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау екендігін, әрі жыл сайын медициналық байқаудан міндетті түрде өту қажеттілігіне назар аударды.
Іс-шара соңында А.Құлымбетова студенттермен «Жүректен-жүрекке» атты тренинг өткізді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location