07 Сәуiр 2021
276
«Арнайы құрылыс және электрмен қамту білім беру пәндері» циклдік әдістемелік комиссиясы
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында «Құзіретті маман жарқын болашақ кепілі» атты онкүндігінің жабылуында ZUM платформасында арнайы пәндер оқытушысы Е.Қамысбаев «Кім тапқыр?» атты зияткерлік сайысты online форматта жоғары деңгейде өткізді. Іс шараның мақсаты студенттердің тобына қаншалықты сенетінін және топта бір-біріне деген сенімділігін, ептілігін, қабілетін сайыс арқылы анықтап, өзіндік жұмыс істеу қабілетін дамыту, сөйлеуге, ой тұжырымын жасауға, талдай білуге, білімін жинақтай білу дағдыларын дамыту арқылы пысықтыққа, ұқыптылыққа және зияткерлікке тәрбиелеу болды. Сайысқа 1401-20-9б, 1405-17-9б, 1405-19-9б топтары қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін көрсете білді. Студенттердің белсенділігі өте жоғары болды.
Сондай-ақ, «Арнайы құрылыс және электрмен қамту білім беру пәндері» ЦӘК онкүндігінде белсенділік көрсеткен студенттерді бөлім меңгерушісі Н.Субинов марапаттады.

