06 Сәуiр 2021
503

Талас аудандық СЭБ жетекші маманы Е. Кенжебаевтың және аудандық ауруханасының психолог маманы А.Құлымбетованың, жұқпалы аурулардың алдын алу бөлімінің маманы А. Идиришованың қатысуымен бірінші курс студенттерімен кездесу өтті.

бағытында Талас аудандық СЭБ жетекші маманы Е. Кенжебаевтың және аудандық ауруханасының психолог маманы А.Құлымбетованың, жұқпалы аурулардың алдын алу бөлімінің маманы А. Идиришованың қатысуымен бірінші курс студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің маманы короновирустық инфекция туралы студенттерге түсініктеме беріп, сонымен қатар одан сақтанудың шарттарына жан-жақты тоқталды. Әрі қазіргі таңдағы статитикалық мәліметтермен таныстырды.
СЭБ маманы көктемнің келуімен жекелеген жұқпалы аурулардың да туындау мүмкіндіктерінің арта түсетіндігіне назар аударды. Соның ішінде аудан тұрғындарының басым бөлігінің мал шаруашылығымен айналысуына байланысты конго-қырымдық қызбасы мен құтыру ауруын ерекше атап, түсін түстеді. Аталған аурулардың таралу ошағы мен олардың салдарына түсініктеме беріп, әсте салдарының адам өмірін қиюуға апарып соғатындығын атап айтты. Ауыр зардаптарын ескере отырып, оның алдын алу әрекеттеріне сипаттама берді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location