06 Сәуiр 2021
333

«Тіл. Ұлт және Тәуелсіздік»

«Тіл. Ұлт және Тәуелсіздік» атты «Жалпы және әлеуметтік-қоғамдық білім беретін пәндер» циклдік әдістемелік комиссиясының онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы И.Рахметханқызы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай «Ж.Жабаев – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: екі ғасырдың куәсі болған ақынның шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік, ұлағаты мол өсиеттері арқылы тыңдаушылардың өмірге дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, туған еліміз бен жерімізге деген сүйіспеншілікті ояту, ақын есімі мен поэзиясын құрметтеуге, шығармашылық ізденуге шақыру. Сабақ барысында стратегиялық ойындар мен сұрақ-жауап викториналары арқылы топтық жарыстар жүргізілді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location