06 Сәуiр 2021
357
«Жол қауіпсіздігі ережесін сақтау: маңызы мен мазмұны»
«Жол қауіпсіздігі ережесін сақтау: маңызы мен мазмұны» тақырыбында Қаратау станциясының бастығы Н.Жакуповтың, локомативтік депо басшысы А.Базарбаев пен желілік полиция Қаратау темір жол станция бөлімшесінің инспекторы Қ.Жаханкезовтың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуді жүргізуші Ғ.Ибраимов соңғы жылдарда еліміздегі теміржол бойында автокөліктер және жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған оқиғаларға жалпы шолу жасап, ресми мәліметтермен қатысушыларды таныстырып, бұл мәселенің қоғам үшін өзектілігін өрнектеді.
Өз кезегінде Н.Жакупов темір жол бойында қайғылы оқиғалар дың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтермен бөлісті. Бүгінгі таңда темір жол қызметкерлері тарапынан «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында үгіт–насихат, түсіндіру жұмыстары мектептерде жүргізілуде екендігін мәлімдеді. Бұл бағытта, тұрғындардың рұқсат етілмеген жерде теміржолды кесіп өтуі, дабылқаққыштар (пойыз өткелге бір шақырымдай қалғанда іске қосылады) белгі беруіне қарамастан автокөліктердің жол ережесін бұзуы қайғылы жағдайға апарып соғуы мүмкін екендігін ескертті.
А. Базарбаев темір жол бойында белгілі бір музыкалық тректі құлақ қап арқылы тыңдап келе жататын жастардың әрекеті қауіптің туындау мүмкіндігін еселейтіндігіне назар аударды. Сонымен қатар, оқыс жағдайда машинист тежегішті басқанымен, ауыр жүктің және өз салмағының нәтижесінде, поезд кілт тоқтай алмайтындығын қадап айтты.
Полиция қызметкері Қ.Жаһангеров азаматтар (соның ішінде кәмелетке толмағандар ) тарапынан, арнайы қойылған өткелдерге қарамастан, өз бетінше қалаған жерден рельтерді кесіп өтуі есептік кезеңде өткен жылмен салыстырғанда азайғандығын атап өтіп, бұл жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесі екендігін жеткізді. Сондай-ақ, алдын алу жұмыстары үшін мұғалімдер мен ата-аналардың оқу

