АБЗАЛ ШОНОВ - «ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ»
25 қараша күні білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Өз ісінің шебері» өндірістік оқыту шеберлері арасындағы облыстық байқауы өтті.
Бірегей байқаудың мақсаты – қазіргі заманғы өндірістің және еңбек нарығының кәсіптерін игерген өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, ынталандыру, өндірістік оқытудың заманауи формаларын қолдануға бағыттау.
Сайысқа облыс колледждерінен 18 шебер қатысып, бақтарын сынады.
Байқау нәтижесінде Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің шебері Абзал Шонов Шайбекұлы І орынды жеңіп алды.

